Қызылжар ауылына қарғын су кірді
Күннің күрт жылынуына байланысты Жетісу облысы Қызылжар ауылындағы бірнеше аулаға еріген қар суы кірді. Кербұлақ ауданындағы егіс алқабынан келген су елдімекендегі арықтардан асып кеткен. Төрт ауланың аумағына жайылғанымен үйлерге кірмеген. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Су деңгейі төмендеп, Байғазы өзеніне қарай қалыпты жағдайда ағып жатыр. Төтенше жағдайдың алдын алуға 60-тан астам адам, 11 техника жұмылдырылды.
Баян Сырымбетов, ауыл тұрғыны:
Қар биыл қалың болды. Күн тез ысып кеткеннен кейін жауын жауды. Мына су тасып ауылға кіріп кетті. Сондықтан мұны ешкім былай болады деп тосқан жоқ, ойлаған жоқ. Баяғыда 13 жыл бұрын осылай болған жағдай.
Мұнан бөлек қарғын су дәл осы ауданда орналасқан цемент зауытының аумағына жайылды. Әйтеуір, зауыт жұмысшыларының күшімен судың арнасы басқа жаққа бұрылды. Сондай-ақ, судың бетін қайтару үшін ауыл сыртында 800 метр канал қазылды. Жалпы биыл Жетісу облысында су басу және сел жүру қаупі бар 13 елдімекен анықталған. Қазір мамандар ол аумақта төтенше жағдайдың алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.
Игорь Жуков, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Кербұлақ, Алакөл және Сарқан ауданының тауларында қар қалың. Былтырғы жылмен салыстырғанда ақ ұлпа 70 пайызға көп жауған. Сондай-ақ Қаратал және Панфилов ауданындарында жердің тоңы әлі жібеген жоқ. Қазіргі таңда барлығы қардың еру қарқынына байланысты болып тұр. Ең бастысы бір барлық жағдайға дайынбыз. Тұрғындар да қалыс қалмай үй маңындағы арықтарды тазалау қажет.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04