Шымкентте сайлау учаскелерінің саны артты
19 наурызда Шымкент қаласы тұрғындарының 54 пайызға жуығы, яғни 639 мыңнан астам сайлаушы дауыс бере алады. Бұл 4 ай бұрын өткен саяси науқандағыдан 5 мың адамға көп. Сондықтан сайлау учаскелерінің саны артты.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қатысуымен өткен семинарда сайлауға дайындық жұмыстары пысықталды. Шаһар аумағында 354 учаске жасақталды. Барлық учаске дауыс беруге қажетті құралдармен жабдықталған.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың таңдау жасауына да бар жағдай жасалған. Сайлау учаскесінің орналасқан жері және басқа да сұрақтар бойынша толық жауап алуы үшін тұрғындар арнайы құрылған Cаll-орталықтарға хабарласа алады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Мүгедектігі бар адамдар алғашқы рет осы сайлауда олар 30 пайыз квота ішіне жастар, әйелдермен бірге кіріп отыр. Және ол саяси жеңетін болса, Мәжіліске кіретін тізімнің ішінде болуы керек. Ол шарт.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53