Сайлауда Шымкент қаласының жұртшылығы да ерекше белсенділік танытып жатыр
Еліміздің саяси тұрғыда кемелдене түсуіне жол ашқан бұл жолғы сайлауда Шымкент қаласының жұртшылығы да ерекше белсенділік танытып жатыр.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Бүгінгі саяси шарада жастардың да белсенділігі өте жоғары. Бұл жолғы сайлауда жастар саяси науқанға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасамақ. Олар елдің саяси жүйесін кешенді жаңартуды еліміздің дамуы мен өркенуіне тікелей әсер етеді деген пікірде.
Қатарластарымен сайлау учаскесіне келген Сүйрік Дәулетқызы бүгін алғаш рет өз таңдауын жасады.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Сайлау учаскелерінің жабылуына бір сағаттан аз уақыт қалды. Соған қарамастан мегаполисте жасақталған 330 сайлау учаскесінде таңертеңнен басталған қарбалас бір сәтке де саябырсыған жоқ. Оның 23-і жабық мекемелердегі учаскелер. Халық санының артуына байланысты осы сайлаудағы дауыс берушілердің саны 8 мыңнан астам адамға артып отыр. Яғни мегаполисте 639 мыңнан астам азамат дауыс беру құқына ие.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53