Шымкентте «Дәм дәстүр» жәрмеңкесі өтті
Шымкент қаласының жұртшылығы бүгін Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған «Дәм дәстүр» жәрмеңкесінде ұлттық тағамдардан дәм татты. Меркелік дастарханда шаһардағы 50-ге тарта мейрамхана өздерінің ең жақсы деген ас мәзірлерін ұсынды. Оның ішінде асылған еттен бастап, наурыз көже, қуырдақ, жөргем, қимай, қарын бөртпе секілді көптеген тағамдар әзірленді. Сондай-ақ кондитерлік кәсіпорындар да өз өнімдерінен дәм татқызды. Мұндай жәрмеңке Шымкентте осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Шараға қатысушылар ішінен үздіктер анықталып, түрлі номинацияларға ие болды.
Аманғайша Наурызбаева, қала тұрғыны:
Мына жерден көріп риза болдым. Қазақтың дастарханының молдығын, қазақ қыздарының салт-дәстүрді ұмытпай киімдерін киіп жүргенін. Міне, біздің ұлттық дәстүріміз! Наурыз құтты болсын!
Астана Қарғабай, қала тұрғыны:
Дастарханның сәні дәмімен демекші Наурыздың бірден бір атрибутикасы ұлттық тағамдар. Ұлттық тағамдарымызды насихаттап, керемет күнде дәмнен ауыз тигізіп жатқан керемет мереке. Сол үшін барша шымкенттіктерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53