Шымкентте кәсіпкерлерге 142 миллион теңге негізсіз берілген
Шымкентте кәсіпкерлікті дамыту үшін бөлінген қаржы 38 кәсіпкерге негізсіз берілген. Заң бойынша қайтарымсыз қаржы жаңа әрі тиімді бизнес жобаларды қолдауға берілуі тиіс. Алайда ақша наубайхана, ателье, әсемдік салоны, кондитерлік цех ашқысы келетін азаматтардың қанжығасында кеткен. Осылайша 142 млн теңгенің желге ұшқаны анықталды. Жалпы, соңғы үш жылда 50 кәсіпкерге мемлекеттік грант заңсыз берілген. Қазір олардың жетеуі сотта қаралып жатыр. Тағы 38 жобаға бөлінген қаржыны қазынаға қайтару туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, грант қаржысын бөлу ережесіне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалды.
Алексей Колосков, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы:
Комиссияның тағы бір заңсыз әрекеті жобасы мақұлданған кәсіпкерлерге, мүмкіндігінше, көп сома беруге тырысқан. Оның шектік мөлшері бес миллион теңге. Әрбір жобаның өзіндік ерекшелігіне сай жұмсалатын шығыны әртүрлі болғанына қарамастан барлығына біркелкі қаржы берілген. Қабылданған өтінімдердің 70 пайызында осындай сыбайластық тәуекелдері анықталып отыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53