Шымкенттің көшелері қызғалдақпен көмкерілді
Биыл көктем ерте келгендіктен Шымкент қаласы жылдағыдан ертерек әсем келбетке ие болды. Шаһардың орталық көшелері мен саябақтар, демалыс орындарына қызылды жасылды алуан түрлі қызғалдақпен көмкерілді. Ерте көктемде егілген 850 миллион түп қызғалдақ қазір қып-қызыл шоқтай боп, төңіректі құлпыртып тұр. Қызғалдақ жастықтың, пәк махаббат пен берік достықтың белгісі. Дүниежүзі голланд қызғалдағы атап кеткен Грейг тұқымының отаны – Қазақстанның оңтүстігі екені қазір көпке мәлім. Оның айқын дәлелі көкорай көктемнің, көрікті тіршіліктің жаршысындай болған жауқазын гүлдер Шымкенттің топырағында жайқалып, шаһарға айырықша көрік беріп тұр.
Қарлығаш Наурызова, қала тұрғыны:
Шымкент және қызғалдақ егіз ұғым. Және қазіргі таңда Шымкент қызғалдақтың мекені десек қателеспейміз. Қаланың қай мекеніне барсаң да әсем, қызыл, жасыл, неше түрімен көмкерілген. Көздің қуанышы, көңілге тыныштық пен медет сыйлайды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53