С.Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды
Алматы облыстық полиция департаментінің бұрыңғы басшысы Серік Күдебаевқа халықарылық іздеу жарияланды. Соттың соңғы үш отырысына келмеген айыпталушыны бүгін сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу керек болған. Алайда күдіктінің Қырғыз елі арқылы Ыстамбұлға ұшып кеткені анықталды. Ақпаратты көрші мемлекеттің шекара қызметі растады. Күдікті мемлекеттен бой тасалағандықтан айыптаушы тарап істі уақытша тоқтатып, облыс прокурорына жөнелтуді ұсынды. Жетісу облыстық сотының судьясы ұсынысты қолдап, жаңа шешім қабылдады. Алматы облысы полициясының экс-басшысына қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап кетіп, ондағы қару-жарақтың қолды болуына жол бергені үшін айып тағылған
Әбілла Үмбетбай, Жетісу облыстық сотының судьясы:
Серік Күдебаевқа халықаралық іздеуге жарияланғандықтан ҚР Қылмыстық Кодексі 146-бабы, 2-бөлігінің, 1,3,4-тармағы, 362-бабаының 4-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс тоқтатылсын. Қылмыстық іс сотталушының іздеу жұмыстарын қадағалау үшін облыстық прокурорға қайтарылсын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00