Елімізде еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Ел ішінде жұмыс іздейтін азаматтар саны күрт азайған. Мәселен өткен айда электронды еңбек биржасында жарияланған түйіндемелер саны 35 пайызға кеміген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Зерттеу нәтижесіне сай, жұмыс берушілер тарапынан да жұмысшыларға деген сұраныс 3 пайызға азайып отыр. Ал ең тапшы мамандар тізімі өзгеріссіз. Қазір елімізге 14 мыңдай білім саласының маманы жетіспейді. Ал денсаулық сақтау саласына дәрігер, мейірбике секілді үш жарым мыңға жуық кадр қажет. Сондай-ақ мың жарымдай жүргізуші, тәрбиеші мен күзетшіге сұраныс бар.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19