Қазақстан ұсақ малды 40 миллион басқа дейін арттыруы мүмкін
Еліміз қой санын екі есеге көбейтіп, ұсақ малды 40 миллион басқа дейін арттыруы мүмкін. Бүгінде Парсы шығанағы елдерінде қой етіне сұраныс жоғары.Экспорттық баға 8 доллардан асады. Бұл туралы Алматыда өткен ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттаушы елдердің өкілдері жиналған конференциялда айтылды. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілінің сөзінше, Қазақстанда ұсақ мал басы көбейіп келеді. Жайылымдардың биоалуантүрлілігін бұзбай, қой санын 35-40 миллионға дейін көбейтуге мүмкіндік бар.
Ербол Есенеев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:
Көңіліміз толмай жатыр қазіргі кезде экономикадағы ауыл шаруашылықтың көлемі 5 пайыздан аспай отыр. Халықтың 42 пайызы ауылды жерде тұрады, мақсатымыз - ауыл шаруашылықтың экономикаға үлесі ең кемі 20 пайызға жету керек, ол үшін кәдімгідей жан-жақтан Үкімет тарапынан, бизнес тарапынан сондай бір жағдай жасалу керек.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08