Биыл Жетісу облысында қант қызылшасы алқабы екі есеге өсті
Жетісу облысында биыл қант қызылшасының алқабы екі есеге өсті. Былтыр түрлі себептермен небәрі 4 мың гектарға тәтті түбір еккен шаруалар биыл 8 мың гектарға дән-дақыл себуге кірісіп кетті. Айта кету керек, егістік көлемін ұлғайтуға арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстары да өз үлесін қосуда.
Қаратал ауданындағы бұл шаруашылықтың егіс алқабы 300 гектардан асады. Биыл жерінің үштен бір бөлігіне қант қызылшасын себуді бастады. Тәтті түбірдің сапалы сортын сынап көрмек. Қожалық басшысының айтуынша ерекше өңдеуден өткен бұл тұқымды арамшөп баспайды. Демек жазда қосымша жұмыс күші қажет болмайды.
Байбазар Қанабатыров, шаруа қожалық жетекшісі:
Қант қызылшасы – өнімдердің ішіндегі ең пайдалысы. Бұрын 2006 жылдары 200 гектар егіп, 7 мың тоннаға дейін өткізетінбіз.
Жалпы ауданның биылғы егістік көлемі 23 мың гектарға жуық. Басым бөлігі дәнді және майлы дақыл. Ал қант қызылшасына 1100 гектар жоспарланған. Шаруалар былтыр да осындай алқапқа тәтті түбір себу межелеген. Бірақ су тапшылғы жоспардан шығуға мүмкіндік бермеді.
Ғалым Уәлиев, Қаратал аудандық Ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
Былтырғы жылы өздеріңіз білесіздер біздің ауданда Қаратал өзенінің су деңгейінің түсіп кетуіне байланысты кішкене қиыншылықтар көрдік. Қыс жақсы болды. Қар бар деп отырмыз. Енді су болса бізде урожай да болады деп отырмыз.
Биыл өнім болады деп сенімді айтудың тағы бір себебі – арық, каналдардың арнасын тазартуға 13 млрд 600 млн теңге бөлінген. Жұмыстардың бірінші кезеңі басталып та кетті. Бірінші кезең аяқталғанда 4500 мың гектар алқапқа су келу керек. Мердігерлер тазарту және арықтарды қалпына келтіру жұмыстары суару маусымына кедергі болмайды деп сендірді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00