Маңғыстауда көлік жүргізушілерінің заңсыз әрекеті анықталды
Маңғыстауда көлік жүргізушілер бір-бірін жанар-жағармай бағасының өсуіне қарсы ереуілге шығуға мәжбүрлеуде.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жүргізушілердің бірі, екінші жүргізушіні наразылық акциясына қатыспағаны үшін сөгіп, балағаттауда. Видео авторы жолда кетіп бара жатқан жүк көлігін қуып жетіп, тоқтатқан. Ол жүргізушіні дизель бағасының көтерілуіне қарсы митингіге шығуға мәжбүрлеуде. Осыған ұқсас тағы да бір бейнежазба тарады. Облыс прокуратурасы осыған қатысты тексерісті бастады. Құзырлы орган өкілі тұрғындарды әсіресе, әлеуметтік желі қолданушыларын заңды сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.
Мерген Меңдіғалив, Облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы:
Заңсыз наразылық акцияларына шақыру, оған қатысу, ұйымдастырғаны үшін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылуда. Ол жерде 25 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы көзделген. Сонымен қатар бұл әрекет елеулі зиян келтірген жағдайда салдары онда қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18