Ақтауда зардап шеккен науқасқа ота жасалды
Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі бетон маңдайшасының опырылуынан зардап шеккен науқасқа ота жасалды.
Оқыс оқиға кезінде 29 жастағы тұрғынның аяғы сынған. 9 шағын аудандағы 4-ші үйдің бір кіреберісіндегі бетоннан жасалған күнқағары құлап, 1 адам қаза тапты. Тағы 2 тұрғын зардап шекті. Оның біріне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген. Үшеуі де коммуналдық мекеменің жұмысшылары. Олар маңдайшаларды ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын.
Жұлдызай Қалиева, Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы:
1994-жылғы науқас орташа ауырлықта келіп түсті. Дәрігерлер оған балтырдың үштен бір бөлігінің сынуы, ашық сынуы және оң жақ бетінің көгеруі диагнозын қойды. Травматолог дәрігерлер науқасқа оң аяқтың металоостосинтез операциясын жасады. Ота сәтті өтті.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13