Франциядағы шеруді таратуға 40 мың полицей тартылды
Франция президенті Эммануэль Макрон министрлер кабинетінде екінші рет төтенше жиын өткізді. Осы үшін ол Брюссельдегі саммиттен Парижге оралды. Соңғы мәліметке қарағанда, елдегі ірі қалалаларда шеру әлі жалғасып жатыр. Оны таратуға 40 мыңдай полицей тартылған.
Наразы топ көліктерді өртеп, дүкендердің есік-терезесін сындырған. Тонау фактілері де тіркелді. Әлеуметтік маңызды нысандарға зақым келді. Айта кетейін, сейсенбіде Париж маңындағы Нантер қаласында 17 жастағы тегі алжирлік жүргізуші жол ережесін бұзып, полицейдің оғынан қаза тапқан еді. Шерулер осыдан соң басталды. Елдің ішкі істер министрлігінің дерегінше, қақтығыстан 250 полицей жараланып, 667 адам тұтқындалған. Енді билік бір шешім қабылдамаса, жағдай одан әрі ушығып кетуі мүмкін.
Бастьен Лачауд, Сен-Сан-Дени департаментінен сайланған депутат:
Бүгін саяси шешімдер қабылданбаса, тыныштық орнамайды. Полицияның зорлық-зомбылығына қарсы бір шара қолданылуы керек. Әділдік орнасын, бұған дау жоқ. Сонымен қатар, үкіметтің әрекетсіздігінен инфляцияның күшеюі де әлеуеттік жағдайды шиеленістіріп тұр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05