Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге несие беріледі
Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған жаңа көмек пакеті жарияланды. Үйлерін өз күштерімен қалпына келтіремін деушілерге мемлекет 500 мың лира бөледі. Ал бизнес қожайындарына 250 мың лира төленбек. Бұл қаражат жеңілдетілген несие ретінде 10 жылға беріледі. Алушылар оны екі жылдан кейін қайтара бастайды. Мұны осы елдің қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі жөніндегі министрлік хабарлады. Еске салсақ, биыл ақпанның 6-да Түркия мен Сирияда қуаты 7,8 баллдық зілзала болып, 60 мыңға жуық адам қаза тауып, жүздеген мың ғимарат қираған. Миллиондаған адам баспанасыз қалған еді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05