«ҚазАвтоЖол» филиалы 2,3 млрд теңгенің шартын заңсыз жасады
«ҚазАвтоЖол»-дың Ақмола облыстық филиалы 2,3 млрд теңгенің шартын заңсыз жасаған. Яғни, арнайы тендер жарияламай, өздері қалаған мекемемен миллиардтарға келісімге отырған. Тіпті шарт шеңберінде филиал мердігердің шотына 200 млн теңге көлемінде аванс аударған. Бірақ қандай да бір жұмыс басталмаған. Бұл заңсыздықты Көкшетау көлік прокуратурасы анықтады.
Ал қаражат «Жақсы-Есіл-Бұзылық» республикалық маңызы бар автожолына күрделі жөндеу жүргізумен қатар жаңа көпір салуға жоспарланған. Қазір осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін жымқырғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00