Астанаға Голливуд жұлдыздары келді
Астанаға Голливуд жұлдыздары Майкл Рукер мен Шон Ганн келді. Олар «Comic Con Astana» фестивалінің қонақтары. Бұл шетелдік актерлердің Қазақстандағы алғашқы сапары. Олар Астананың сұлу келбетіне таңданысын жасырмады. Шон Ганнды «Ханшатыр» мен «Бәйтеректің» ерекше архитектурасы таңғалдырған. Ал Майкл Рукер қазы-қартаның дәміне тәнті болғанын жасырмайды. Айта кетейік, «Comic Con Astana» фестиваліне 70 мыңнан аса адам қатысқан. Шараға келушілер тек шоу бағдарламаларды тамашалап қоймай кәсіби мамандардың шеберлік сабақтарына қатысуға да мүмкіндік алды.
Жәмила Хангелдина, «Comic Con Astana» фестивалінің PR директоры:
«Comic Con Astana» фестивалі - кино, комикс, анимация, гид мәдениетіне арналған мереке десе болады. Осымен Астанада екінші рет өтіп жатыр. Мұнда халықаралық студия Марвел, Дисней, халықаралық студиялар шақырылған. Жақын арада мұндай шараларды жыл сайын өткізбекпіз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00