Туризм және спорт министрі Азия ойындарының жүлдегерлерін құттықтады
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия ойындарының алғашқы күнінде жеңіске жеткен жүлдегерлерді құттықтады.
Министр құрама қоржынына күміс медаль салған Абиба Абужақынованы құттықтады. Финалда Абиба үш дүркін әлем чемпионы – жапондық Нацуми Цунодамен кездескен болатын. Енді қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасына дайындалуға ниетті.
Ермек Маржықпаев 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған Мағжан Шамшадинмен де кездесті. Еске салайық, Азия ойындарының бірінші күні біздің дзюдошылар құрама қоржынға екі медаль алып келді. Абиба Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені иеленді.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысындағы Ақсу су қоймасының айналасына ағаш екті
04.11.2026, 17:28
Павлодардағы палеонтологиялық ескерткіш сын көтермейді
04.11.2026, 17:27
Ерекше қажеттілігі бар балалар орталығы ашылды
04.11.2026, 17:25
Дәрі-дәрмекті заңсыз саудалап жүрген 21 адам ұсталды
04.11.2026, 17:22
Ертеңнен бастап кей аймақта күн суытады
04.11.2026, 17:20
АҚШ: Демократтар басым түсті
04.11.2026, 17:18
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
04.11.2026, 17:17
Финляндияда Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады
04.11.2026, 17:15