Азия пара ойындары: Ел қоржынына 3 медаль түсті
Қазақстандықтар Қытайдағы Азия пара ойындарын жеңіспен бастады. Қоржынымызда үш медаль түсті. Алғашқы қол жүлдені Жаныл Балтабаева иеленді. Қазақстандық атлет пара каноэдан жекелей бағдарламада үшінші орынды жеңіп алды. Ал Бибарыс Спатай дәл осы спорт түрінен күміс жүлдегер атанды. Үшінші жүлде қола медальды Максим Богатырев иеленді.
Қытайдың Ханчжоу қаласындағы «үлкен лотос» олимпиада стадионында IV Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысып, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады. Байрақты бәсекеде 131 қазақстандық спорттың 14 түрінен өнер көрсетеді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08