ДДСҰ және Қазақстан ынтымақтастықты нығайтады
Сенатта Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасында ынтымақтастықты дамытуға қатысты құжат мақұлданды. Осы заң аясында халықаралық ұйым тарапынан елімізге сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетіледі. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін халықаралық стандарттарға сай дамытуға көмектесуді жалғастырады.
Сондай-ақ, жоғары технологиялық-медициналық қызметтерді енгізуге және осы саланың мамандарын даярлауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Қазақстан 1992 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі және Атлант мұхитынан Тынық мұхитына дейінгі 53 елді қамтитын Еуропалық аймаққа кіреді.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары:
Бұл қаражат ретінде берілмейді. Бұл консультативтік, техникалық, оқу-ағарту бойынша берілетін жұмыстар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арқасында 5 млн доллар ақша бөлінген болатын. Біріншіден Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға. Әсіресе созылмалы инфекциялық емес аурулармен күресуге, жүрек қан тамыр, онкологиялық ауруларымен.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08