Испанияда сепаратистерге рақымшылық жариялауға қарсы шеру өтті
Мадридте 2017 жылы Каталонияның Испаниядан бөлінуі туралы референдум өткізген сепаратистерге амнистия жариялауға қарсы шеру өтті. Шараға жүздеген адам қатысқан. Демонстранттар полициямен қақтығысты. 4 мыңдай адамға рақымшылық жариялау бастамасын үкімет басшысы лауазымын атқарушы Педро Санчес ұсынды. Ал наразы топтың мәлімдеуінше, билік бұл арқылы кабинет жасақтауда каталониялық партиялардың қолдауына ие болуды көздейді. Елде жазда өткен парламенттік сайлауда бірде бір партия көпшілік дауысқа ие болған жоқ. Сол себепті Педро Санчес үкіметі үш айдан астам уақыт өтсе де кабинет жасақтай алмай отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14
АҚШ әскерилері Иранның Кешм аралына соққы берді
03.11.2026, 20:13
Пәтер алып беремін деп 227 адамды алдап соққан
03.11.2026, 20:10
Елдегі 11 ірі банк тексеріледі
03.11.2026, 20:05