ҚР ІІМ: Іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды
Полицейлер оншақты күннің ішінде бірнеше жылдан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады. Мәселен, Ақтау полициясы дәмханалардың бірінде қала тұрғынын ұрып-соққан күдіктіні қолға түсірді. Оқиға былтыр болған. Ал Алматылық құқық қорғаушылар Өзбекстандағы әріптестерімен бірлесіп, екі адамның өліміне қатысы бар күдіктіні қолға түсірді. 2012 жылы Алматы облысында зейнеткерлерді өлтіріп, ақша ұрлап кеткен ер адам Өзбекстанның Үшқорған қаласында тұтқындалды. Қолға түскендердің ішінде тұрғындардың бірнеше миллиард теңгесін алдап алып кеткен күдіктілер де бар.
Руслан Назаров, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:
Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемденген ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШС басшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09