Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын құрғандар сотталды
Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын құрып, көлік сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды. Бұл фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті тергеген еді.
2022 жылдың наурыз айында Дәулетов, Жанасаев деген тұрғындар жетекшілік еткен топ «Авто Селлер» аталатын серіктестік құрып, автокөліктерді мемлекеттік тіркеу номері бар-жоғына қарамастан жоғары бағамен сатып алумен айналысқан. Көлік иелеріне екі-үш ай ішінде бөліп төлей отырып, нотариалды куәләндірілмеген сатып алу шарттарын жасаған. Ал сатып алушыларға 20 пайыз қымбат бағаға ұсынған. Сот үкімімен кінәлілер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Бұл автомобильдер көлікті сатуды жүзеге асыратын жаңа тұлғаларға ақшалай қаражатты одан әрі төлеу мақсатында үшінші тұлғаларға төмендетілген бағамен сатылды.Сатып алу-сату шарттарына сәйкес залал сомасы 404 млн теңгені құрады.Сот Д.И.Дәулетовты 9 жылға, А.Т.Жанасаевты 8 жылға, К.А. Құдасовты 7 жылға және О.Б. Жайлаубайды 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08