Германияда ереуілге байланысты мыңнан аса ұшақ рейсі тоқтатылды
Германияның 11 әуежайында бүгін басталған ереуілге байланысты 1100 ұшақ рейсі тоқтатылды. Әуе айлақтарының жолаушылар мен жүкке жауап беретін қауіпсіздік қызметкерлері жұмысқа шықпаған. Олар жалақыны сағатына 2 доллар 80 центке өсіруді, сыйақыны көбейтуді және үстеме жұмыс ақысын төлеуді талап етіп жатыр. Наразылық акциясы салдарынан 200 мыңдай жолаушы діттеген жеріне жете алмай отыр.
«Люфтганза» әуе компаниясы жолаушыларға билетті басқа күнге тегін айырбастауды ұсынды. Ереуіл жариялаған 25 мың қызметкердің атынан «Верди» кәсіподағы Әуе қауіпсіздігі компанияларының федералдық қауымдастығымен келіссөз жүргізіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00