Елімізде 2025 жылдың соңына дейін барлық базар жаңғыртылады
Базарларды модернизациялау мерзімі енді ұзартылмайды. 2025 жылдың соңына дейін еліміздегі барлық сауда нүктелері қаланың архитектурасына, санитарлық және өртке қарсы талаптарға сай болуы керек. Сауда және интеграция министрі, мәжіліс депутаттары жергілікті әкімдермен онлайын жиын өткізіп, осы талаптарын жеткізді. Статистикаға сәкес, қазір елімізде 700 ден астам дала базары бар. Модернизациялау картасына енбей қалған сауда нүктелері әлі де анықталып жатыр. Осылардың барлығын келер жылдың соңына дейін бір стандартқа келтіру қажет. Базар иелері мен әкімдіктердің жұмысына бақылау қатаң жүргізіледі деп ескертті Сауда және интеграция министрі.
Болатбек Нәжіметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қаншалықты дұрыс жүріп жатыр? Қаншалықты мерзімді істей алады? Қай сауда орындар жатқызуға болады? Қай сауда орындарын жатқызуға болмайды. Сол мәселесін шешу туралы жұмыстарды олар көрсетеді. Алдына қойған мақсаттарының орындалу мерзімдерін, яғни құжаттармен, қаржылармен және құрылыс монтаж жұмыстарымен соның бәрін бақылау керек. Енді оған арнайы бізде осы мемлекеттік органдар өкіметтегі оны бақылайды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан» тасжолы жөнделіп жатыр
17.12.2025, 21:05
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
17.12.2025, 20:56
Биыл 223 медициналық мекеме салынды
17.12.2025, 20:51
Қазақстанға жыл басынан бері 12,1 млн турист келді
17.12.2025, 20:50
Елімізде «Ecoqolday» бағдарламасына тіркелген кәсіпкерлер саны көбейген
17.12.2025, 20:48
Атыраудағы оқиға: Шығын әлі есептеліп жатыр
17.12.2025, 20:45
Дәрігерлерді қорғау: Мәжіліс заңды мақұлдады
17.12.2025, 20:43
1 қаңтардан МӘМС жүйесінде маңызды өзгерістер күшіне енеді
17.12.2025, 20:42