БҚО-да 1200 мұғалімге үстемеақы төленбеген
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында мұғалімдер мен тәрбиешілерге 260 млн теңге үстемақы төленбей келген. Мұны облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мамандары анықтады. Заң бойынша азаматтық қызметшілер мен бюджет қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін 10% үстеме ақы берілуі қажет. Алайда, Сырым ауданының білім бөлімі соңғы үш жылда 26 мектеп пен балабақшаның 1200-ге жуық қызметкеріне тиесілі ақысын төлемеген. Кінәлі тұлғалар анықталып, оларға ескерту мен сөгіс берілді.
Мұратбек Қасымов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Департаменттің араласуынан кейін білім бөлімі тарифтік тізімге өзгерістер енгізді. Жалақы қайта есептелінді. Кінәлі тұлғалар, яғни 26 мекеменің есепшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
03.08.2026, 10:10
«Болашақ ойындары»: Бүгін фиджитал-баскетбол бойынша финалдық матч өтеді
03.08.2026, 10:09
Жарық пен су жиі өшеді: Қырымдағы жағдай
03.08.2026, 10:08
Ақтауда жағадан 25 шақырымға ұзап кеткен жастар құтқарылды
03.08.2026, 10:08
Елордада 17 мыңнан астам қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алды
03.08.2026, 10:07
Шымкентте дауыс берушілер саны 14 632 адамға артты
03.08.2026, 10:06
Алматыда балалардың құқығын қорғайтын басқарма құрылды
03.08.2026, 10:05
Трамп бүгін Иранмен шұғыл келіссөз басталатынын мәлімдеді
03.08.2026, 10:05