Мыңдаған фермер Афиныға жиналды
Афиныға Грекияның түкпір-түкпірінен барған фермерлер жиналды. Олар тракторларын парламент ғимараты алдына қойып, шеруге шыққан. Полицияның бағалауынша, акцияға 8 мың фермер қатысып жатыр. Олардың үкіметке қойған талабы - энергияның қымбаттауы мен өндіріс шығындарының жоғары болуымен күресу.
Бұған қоса, су тасқыны, өрттің жиілеуінен егін егуде қиындықтарға тап болғанын айтады. Олар бұл шығындарды өтеуді де талап етті. Бұған дейін Грекия үкіметі фермерлерге электр қуаты үшін төлемдерге жеңілдік ұсынды. Сондай-ақ дизель отынына салық жеңілдіктерін жыл соңына дейін ұзартуға келісім берді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00