Азия Чемпионаты: Спортшыларымыз алғашқы күні 11 медаль жеңіп алды
Филиппинде өтіп жатқан XI Азия чемпионатының алғашқы күнінде су спорты түрлерінен ел қоржыны 11 жүлдемен толықты. Сары құрлық бәсекесінде суда жүзушілеріміз 14 жастан бастап, одан жоғары жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Олар суға секіру және жүзуден 2 – қола, 6 – күміс және 3 алтын медальге ие болды. Жүзден жүйрік атанғандар Аделаида Пчелинцева, Ксения Игнатова және Егор Попов.
Айта кету керек, жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурызда аяқталады. Ал наурыздың 2-5-сі аралығында көркем жүзу, 3-9 наурыз күндері су добынан жүлделер сарапқа салынады. Тиісінше, ел қоржынына тағы бірнеше медаль түседі деп үміттенеміз.
Аделаида Пчелинцева, жүзуден Азия чемпионы:
Бүгінгі жеңісіміз командамыз үшін алдағы жетістіктердің бастамасы болады деп сенемін. Спортшыларымыз тек алтын алуға ұмтылуы керек. 2015 жылы Бангкок қаласында эстафеталық жүзуден біздің құрама үшінші орын алған еді. Осы жолы бұл көрсеткішті жақсартуға тырысамыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00