Алматы облысында сот орындаушы алиментке төленген 800 мың теңгені жымқырған
Алматы облысында жеке сот орындаушысы бір жарым жыл бойы өзгенің алиментін жымқырып келген. Облыстық прокуратураның хабарлауынша, бала күтіміне арналған қаражат ай сайын борышкердің жалақысынан сот орындаушысының арнайы шотына түсіп отырған.
Дегенмен ақша әрі қарай баланың анасының шотына аударылмаған. Қолды болған қаражат 800 мың теңгеден асып жығылады. Сот орындаушы мұнымен қоймай, борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтатуға дейін шара қабылдаған. Салдарынан борышкер жұмысынан айырылған. Қазір сот орындаушысының заңсыз іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00