Tynysbelgi.kz және Sinonim.kz сайттары іске қосылады
Тіл білімі институтының мамандары қазақ тіліндегі тыныс белгілерін көрсететін TYNYSBELGI.KZ және синоним сөздерді топтастырған SINONIM.KZ сайтын әзірлеп жатыр. Қос платформа жылдың соңында іске қосылады. Мәселен, «Тыныс белгі» сайтына ешқандай пунктуациясы қойылмаған мәтінді енгізсеңіз, қазақ тілінің орфографиялық емлесіне сай тыныс белгінің қолдану аясын көрсетеді.
Ал «Синоним» сайтында сөздік қорға бай қазақ тіліндегі мағыналас сөздер топтастырылады. Мәселен, құлшыну — белсену, жабу — кілттеу. Осы секілді сайттан 40 миллионға жуық мәндес сөзді тауып алуға болады. Биыл қазақ тілі электрондық қоры 70 миллион сөзбен толықтырылды.
Айман Әбділдақызы, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының маманы:
Корпустағы мәтіндер олар ақылды база болады. Бұл жерде меторазметка деп аталады. Әр сөздің паспорты болады, әр мәтіннің дереккөзі болады. Осының барлығын салып отыр және әр кірген мәтінге әр қырынан түсініктеме, аннотация беру кәдімгі уақыт алатын жұмыс. Сонымен қатар, бұл жерде іздеу жүйесі іске қосылады.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13