Мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Байгелдіұлымен қоштасу рәсімі өтті
Астаналықтар бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлымен қоштасты. Ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, облыс әкімдері, депутаттар қатысты.
Өмірбек Байгелдіұлы 1939 жылы дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін мемлекеттік қызметке арнаған адам. Қазақстан Республикасы Парламентінің қалыптасуына зор үлес қосқан. Қаралы жиында сөз сөйлеген Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Өмірбек Байгелдіұлы егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға, Отанымыздың дамуына қажырлы еңбек сіңірген ұлтжанды азамат болды. Соңына жарқын із қалдырған Өмірбек Байгелдіұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын. ҚР Президенті Қ.Тоқаев.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09