Су тасқыны кезінде өтемақыны қалай алу керек
Үкімет тасқын судан зардап шеккен азаматтарға, өтемақы алу үшін қандай әрекеттер жасау керектігін жариялады. Әуелі, жергілікті атқарушы органға өтініш жазу керек. Әкімдік құжатты тіркеп, азаматқа түбіртек береді. Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Сондай-ақ, 10 күннің ішінде, мүлікке келген залал мөлшерін бағалауы тиіс. Шығын көлемі анықталғаннан кейін әкімдік өтемақы төлеу туралы шешім шығарады. Осыдан кейін 30 күн ішінде зардап шегушіге өтемақы төленеді. Мүлікті толыққанды әрі сапалы бағалау үшін сарапшылардың жұмысы жағдай тұрақталып, су толығымен тартылғаннан кейін басталады. Жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту тапсырылды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай тасымалының жаңа бағыттары ашылады
15.12.2025, 20:57
Мәскеуде пәтер бағасы күрт өсті
15.12.2025, 20:55
Әлем жаңалықтарына шолу
15.12.2025, 20:54
Елімізде аяз күшейіп, боран соғады
15.12.2025, 20:53
Тәртіпке бағынбаған жүргізуші айыппұл арқалайды
15.12.2025, 20:51
Батыс Қазақстан облысында 1,5 мың абонент жарықсыз отыр
15.12.2025, 20:48
Павлодарда барлық бағыт бойынша жолдар жабылды
15.12.2025, 20:45
Елордада алдағы үш тәулікте аяз болады
15.12.2025, 20:44