БҚО-да 84 елдімекен суға кетуі мүмкін
Орынбордың тұсындағы Жайық деңгейі түсті. Десе де, БҚО-дағы қауіп сейілген жоқ. 84 елдімекен суға кетуі мүмкін. Өңірдегі арнайы штабтың мәліметінше, топан су 5 күнде Оралға жетеді. Аймақтағы тасқынға дайындық жұмыстары қалай? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектестен білсек.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
БҚО-да әуел баста 8 ауданды су басуы мүмкін деп болжанған еді. Дегенмен, қазір оның төртеуінде қауіп сейілді. Жайықтың жағасында орналасқан қалған 4 ауданға қарайтын 84 елдімекенге қауіп бар. Жоспар бойынша өңірде 70 шықырымдық бөгет тұрғызылуы керек, бүгінге дейін оның 60 шақырымы салынып бітті. Аймақтағы жағдаймен танысу үшін Мәжіліс депутаттары келді. Олар бүгін арнайы штаб отырысына қатысты. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Орынбор тұсындағы Жайықтың деңгейі түскен. Десе де, 5 күнде Оралға топан су келеді. Штаб өкілдері осылай деп отыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Оны әзірге ешкім нақты айта алмай отыр. Бірақ, БҚО тұсындағы Жайықтың деңгейі 930 сантиметрге дейін жетуі ықтимал. Қазгидромет мамандарының айтуынша, Жайықтағы судың көлемі Батыс Қазақстан облысына жеткенше 5 пайызға азаяды. Ал, Атырауға жеткенше - 60 процентке азаюы әбден мүмкін. Қазір өңірде эвакуациялық жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 13 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Жалпы 1300-ге жуық үйге су кірген. 2500-ге жуық мал қырылып, 38 тасжолды су шайған.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00