Елімізде 900-ден астам адамның құқығы қорғалып, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады. Артур Ластаев Президентке Омбудсменнің бір жылдық жұмысы туралы есеп берді. Оның айтуынша, былтыр құқық қорғау институтына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалып, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Абақтыдағы азаптау оқиғаларының алдын алу үшін мыңнан астам кездесу өткізілген. Омбудсмен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында қабылданған шаралар туралы да айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08