«Qarmet» компаниясы болаттың жаңа түрін шығарады
Қарағандыдағы Qarmet компаниясы болаттың жаңа түрін шығарып, брендке айналдырмақшы. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілістегі Үкімет сағатында осылай деді. Жалпы жаңа инвестор кәсіпорынның жұмысын толық өзгертеді. Бүгінде өндіріс орынында 30 мыңнан астам адам еңбек етеді. Сондықтан әуелі кеншілердің айлығы өсірілді. Қазіргі уақытта домна пештері тек көмірмен жұмыс істейді. Келер жылы оны газға ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл экологиялық мәселелердің біразын шешеді. Жалпы бұл кәсіпорын барлық жоспарын үкіметке таныстырып, бекітіп отырады. «Инвестордың құйған 33,5 млрд теңгесі жұмыс сапасы мен өндіріс көлемін арттыруға бағытталады деді», - Қанат Шарлапаев.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00