Израиль ел аумағында «Әл-Жазира» кеңселерін жапты
Израиль аумағында катарлық «Әл-Жазира» телеарнасының кеңселері жабылды. Мұндай шешімді Израиль билігі қабылдады. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху кабинетінің мәлімдеуінше, «Әл-Жазира» желісі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, Израиль үкіметі телеарнаны «Хамастың насихат құралы» деп атаған. Әзірге телеарнаның жұмысы қашанға дейін тоқтайтыны белгісіз. Ал «Әл-Жазира» болса, Израильдің шешімін «қылмыстық әрекет» деп мәлімдеді. Бұған қоса, телеарна Израильдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деген айыптауды «қауіпті әрі күлкілі» өтірік деп атады. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы тәрізді бірқатар ұйымдар да Израиль аумағында «Әл-Жазира» кеңселерінің жабылуын сынға алды.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00