Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды
Кеше Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды. 59-жастағы үкімет басшысы Гандлова қаласында үкімет отырысынан шығып келе жатқанда, оған бірнеше мәрте оқ атылған. Оған ауруханада үш сағат бойы операция жасалды. Ота сәтті өткен, премьер-министрдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деді оның орынбасары. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роберт Фицоға 71 жастағы ер адам оқ атқан. Алайда күдіктінің есімі аталған жоқ. Тек оның әдеби клубтың негізін қалаушы әрі саяси белсенді екені мәлім. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қастандықтың саяси астары болуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00