Су тасқыны: Ақмола облысында 6 отбасы баспаналы болды
Ақмола облысындағы су тасқыны кезінде үйінен айрылған отбасыға баспана кілті табысталды. Игі шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы сеп болды. Жалпы «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы бойынша 6 отбасы қоныс тойын тойлады.
Көктемде болған су тасқыны кезінде Жарқайың ауданы Гастелло ауылының тұрғыны Дархан Қабиденов те баспанасыз қалған. Үш бөлмелі ағаштан тұрғызылған үйді толық су басқан. Баспананы бағалаған комиссия тұруға жарамсыз деп шешкен. Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері жанұяға Жарқайың ауылынан 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.
Дархан Қабиденов, Жарқайың ауданының тұрғыны:
Үлкен алғысымызды Қазақстан Ассамблеясының қорына білдіремін, үлкен рақмет сіздерге. Қасымызда мектеп бар, балақаша бар бәрі үйдің жанында. Үй ыңғайлы мал шаруашылығымен айналысуға жақсы жері бар территориясы үлкен. Гараж, моншасы бар үйді таңдап, асықпай көріп иесімен келісіп алатын болдық.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00