Израильде демонстранттар Нетаньяхудың отставкаға кетуін талап етті
Израильде үкіметке қарсы шеру тоқтамай жатыр. Демонстранттар премьер-министрдің үйіне дейін барған. Олар «біз ескерусіз қалдық, сайлау қазір өтсін» деп ұрандатып, Биньямин Нетаньяхудың қызметтен кетуін талап етті. Бұған қоса, шеруге шыққандар Хамастың кепіліндегі 120 тұтқынды босату туралы келісімге келуге шақырды. Елдің туын ұстап, барабан соққан мыңдаған адамды полиция барикадалар қойып, алға өткізген жоқ. Израиль әскері Газа секторында қарулы топқа қарсы күресіп жатқан тұста елде үкіметке қарсы шерулер жиілеп кеткен.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08