Елімізде жыл сайын қырық мыңнан астам адам инсульт алады
Елімізде жыл сайын қырық мыңнан астам адам инсульт алады. Ал, 5 мың адам бірінші айда-ақ, көз жұмады. Қазір, науқастардың санын азайтып, аурумен күресу – басты назарда.
Жыл сайын дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін «Инсульт мектебі» конференциясы өтеді. Биыл Астанада ұйымдастырылған шараға республиканың түкпір-түкпірінен 350 невролог және нейрохируг қатысты. Олар тек теориялық білімін жетілдіріп қана қоймай, тәжірибе алмасуға да мүмкіндік алды. Осымен бесінші рет өткен конференцияда Италия, Латвия, Германия және Ресейден келген инсультты емдеуде көп жылдық тәжірибесі бар мамандар дәріс оқыды.
Зәуреш Ахметжанова - Жоғары санатты дәрігер невролог, Медицина ғылымдарының магистрі:
Өте керек, пайдалы конференция. Бізде енді Қазақстанда қан қысымы жоғары адамдардың саны өте көп. Бұл жерде ең басты проблема ол дәрілерді уақыты ішпейді, диета ұстамайды. Бұл жерде тек қана емдік шаралар ғана емес диагностикалық шаралар және алдын алу туралы осы конференцияда көп тақырып талқыланып жатыр.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00