Ел аумағында 35 бала суға кеткен
Жыл басталғалы ел аумағында 35 бала суға кетіп, мерт болды. Қайғылы жағдайдың басты себебі - судағы қауіпсіздіктің сақталмауы. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жолдады. Аптап ыстық кезінде балаларды су айдындарына, жағажайлар мен су қоймаларына жалғыз жібермеуге шақырады. Сондай-ақ суға құтқару кеудешелерімен шомылуын, басқа да жүзу құралдарын пайдалануын қамтамасыз ету маңызды екенін еске салады.
Жолдас Батырхан, ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
Балаларға бейтаныс жерлерде шомылудың, биіктен суға секірудің, тереңге бойлаудың және күшті ағыстардың өте қауіпті екендігін түсіндіріңіз. Бастысы балаңыздың бойында жүзу дағдыларын қалыптастырып, алғашқы жәрдем көрсету ережелерімен таныстырыңыз. Бұл дағдылардың балалардың өз өмірлерін ғана емес, төтенше жағдай кезінде басқа жанның да өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12
ЖИ-ді әртүрлі жастағы азаматтарға оқыту жобалары жалғасып жатыр
18.09.2026, 17:10
Халық кеңесінің құрамына қоғамдық ұйымдар мен түрлі сала өкілдері кіреді
18.09.2026, 17:07
Астанада үстел теннисінен Әлем чемпионаты өтеді
18.09.2026, 17:05