Көшпенділер ойындары: Көкпаршылар қызу дайындалып жатыр
Көкпардан Ұлттық құрама Көшпенділер ойындарына дайындықты күшейтті. Шабандоздар қазір Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Бас бапкер Ақылбай Манкеевтің айтуынша, спортшылар мінетін жылқылар таңдалып алынған. Іріктелген аттардың бәрі мықты, - дейді. Бұл дайындықтың екінші бөлігі. Бұған дейін көкпаршылар физикалық жаттығуын пысықтады. Алдын ала болжам бойынша V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан Ұлттық құраманың басты қарсыласы - Қырғызстан мен Өзбекстан командасы болады.
Ақылбай Манкеев, көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері:
Қазіргі таңда құраманың дайындығы жақсы. Ешқандай әзірге кемшілік көріп тұрған жоқпыз. 40-тай ат жинап қойдық осы жерге. Солардың арасынан іріктеп шығамыз деген үмітіміз бар.
Әділет Мамыт, көкпардан ұлттық құрама мүшесі:
Көшпенділер ойындарына дайындалып жатқанымызға 2 айдай уақыт болып қалды. Дайындығымыз жақсы. Еліміздің үмітін ақтаймыз деген үміттеміз. Біздің елде болғаннан кейін әйтеуір жауапкершілікте ауырлау болады. Осы барынша қаттырақ дайындалудамыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09