Үндістанның солтүстігінде нөсер жауыннан 11 адам қаза тапты
Үндістанның солтүстігінде нөсер жауын жауып, 11 адам қаза тапты. Оқиға Химачал-Прадеш штатында болған. 50-ден астам тұрғын жоғалып кетті. Ал Уттаракханд штатында тасқын жүрген аймақта 200-дей адам қалып қойған. Бұдан бірнеше күн бұрын елдің оңтүстігіндегі Керала штатында тасқын мен лай көшкіні жүрген еді. Табиғи апат құрбандарының саны 280-ге жуықтаған. Үндістанға көршілес Пәкістанда да алапат тасқын жүрді. Ғалымдар бұл елдердегі нөсер жауын мен тасқынды климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.
Ал Қытайдың солтүстік-шығысын толассыз жаңбырдан кейін су тасыды. Ауылдар мен егіс алқаптарын, сондай-ақ өңірдегі басты көлік жолдары судың ортасында қалды. Апатты аймақ тұрғындарының барлығы дерлік қауіпсіз жерге көшірілді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08