Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Теңге ілуден Ұлттық құрама іріктелді
Теңге ілуден бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды. Іріктеу сайыстарының нәтижесі бойынша әр 3 стильден 3 үздік спортшы таңдалды.
Жалпы бұл жарысқа 6 теңге ілуші бақ сынады. Атлеттер «Қос құлаш», «Бес белес», «Жеті құт» стильдерінен кім мықтыны анықтады. Іріктеудің қорытындысы сәйкес, дүбірлі додада батысқазақстандық Бекнұр Серіков «Бес белес», Түркістан облысы атынан қатысқан Бақыт Төлтай «Жеті құт», Рахат Қамбаров «Қос құлаш» стилінен жүлдеге таласады. Ал теңге ілу бойынша жарыстар 11-13 қыркүйек аралығында этноауыл аумағында өтеді.
Бекнұр Серіков, теңге ілуден ұлттық құрама мүшесі
Өзім осы теңге ілуде үш стиль бар ғой, соның «Жеті құт» стилінен қатты дайындаламын. Көшпенділер ойындары Қазақстанда өтейін деп жатқан соң бұл – мен үшін өте үлкен жарыс. Бұл жерде, әрине, қобалжу болады. Өзіміздің елде болып жатқан соң өзіміздің көк туды жоғары де желбірету керек.
Бақыт Төлтай, теңге ілуден ұлттық құрама мүшесі:
Ауылда атқа мініп өскенбіз, көкпар шапқанбыз. Одан соң өзіме ыңғайлысы болғаннан кейін осы теңге ілуді таңдадым. Көшпенділер ойындарын күтіп жүргенімізге біраз уақыт болды. Құдай қаласа, осы ойында Қазақстанымыздың намысын қорғап, бірінші орын алуға тырысамыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл спортшылар елуге жуық сенсация жасады
18.12.2025, 17:38
«Таза Маңғыстау» экочелленджі қорытындыланды
18.12.2025, 17:37
БҚО Тасқала ауданы халқы «Таза Қазақстан» акциясын өткізді
18.12.2025, 17:35
Үздік сауыншы Түркістан облысында
18.12.2025, 17:33
СҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
18.12.2025, 17:31
Қарағанды облысында жаңа құтқару бөлімшесі іске қосылды
18.12.2025, 17:29
Энергетика саласы – стратегиялық маңызды сала
18.12.2025, 17:27
Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
18.12.2025, 17:25