Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Мергендер жарыс өтетін алаңда жаттығып жатыр
Қазақстандық садақшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр. Дайындық қызу. Спорттың осы түріне қатысуға 35 мемлекеттен өтініш түскен. Дегенмен, бәсекеге түсетін мергендердің қатары көбеюі мүмкін. Себебі, спортшыларды аккредитациядан өткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кетейік, Көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астана қаласында өтеді. Дүбірлі додаға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.
Диас Ахметов, Дәстүрлі садақ атудан ұлттық құрама бас бапкері:
Түркия, Малайзия, Қырғызстан елінің мергендері және Венгрия мен Ресейдің мергендері өте мықты. Өйткені, біз оларды шетелдегі жарыстарда көрдік және олардың деңгейі өте жоғары. Осы дайындықтардың арқасында міндетті түрде алтын медальға ілінеміз.
Ажар Рахметқызы, Садақ атудан ұлттық құрама мүшесі:
Көшпенділер ойындарына 1 айдан аз уақыт қалғандықтан, дайындығымызды күшейтіп жатырмыз. Енді қазақ елінің спортшыларының бәрі алтынға дәмелі деп ойлаймын.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00