Биыл генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев 85 жасқа толады
Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Сәт Тоқпақбаев биыл 85 жасқа толады. Тәуелсіздік алған жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 1995 жылы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы мен Республикалық гвардияның қолбасшысы болды. 1997 жылы Қорғаныс министрі қызметін атқарды. Кейін Президенттің Кеңесшісі, Парламент Мәжілісінің 4-ші, 5-ші шақырылымының депутаты болған. Парламент қабырғасында бірлесе жұмыс істеген, Ұлттық ғылым академиясының академигі Уәлихан Қалижанның айтуынша, әскерилерді әлеуметтік жағынан қорғауға үлес қосып, баспанамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқарған.
Уәлихан Қалижан, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі:
Тағдыр Сәкеңе үлкен міндет жүктеді. Сол міндетті абыроймен үлкен саяси сыннан алып шықты. Президенттің күзетін басқарды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалған кезде академия құрды. Сондай-ақ, агентурамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық жазды. Сол күні бүгінге дейін сол қалпында жұмыс істеп тұр. Өйткені ол ішкі құжат. Осындай бұл үлкен білімділіктің белгісі деп ойлаймын.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09