Эко-мәдениетті балабақшадан бастап қалыптастыру маңызды
Экологиялық мәдениетті балабақшадан бастап қалыптастыру маңызды. Кішкентай балалар оқи алмағанымен оларды ойнату арқылы үйрету керек. Бұл туралы «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтылды. Жиында қоршаған ортаны қорғауға қатысты бірқатар жоба таныстырылды. Оның бәрі шетелдік тәжірибеге сай жасалған. Бұдан бөлек, мектеп оқушыларына арналған «Экомектеп» оқулығы да таныстырылды. Ол 1-9 сынып оқушылары үшін дайындалған. Кітап білім алушыларды жаһандық проблемаға бей-жай қарамауға, экологиялық тәрбиені күшейтуге бағытталған.
Қайрат Қамбаров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:
Таза жер – ол тазаланған жер емес, қоқыс шашпаған жер. Осы орайда жалпы осы дөңгелек үстелді ұйымдастырып отырғанымыз елімізде сондай-ақ басқа мемлекеттерде ұйымдастырылып отырған экологиялық шаралар, эко-жобалар соның бәрін ұйымдастыру, өзара пікір алмасу, анализ жасау. Сонымен бірге, іс-шара жоспарын бекіту және өзімізде жүзеге асыру.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09