Су тасқынынан 300 млрд теңге шығын келген
Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 2,5 мың үй үш айдан астам уақытта салынды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болмаған қысқа мерзімде жүргізілген. Салынған үйден бөлек 5700-ден аса тұрғын үй мен пәтер сатып алынған. Бұл жұмыс Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында толығымен бітті. Ал Ақмола облысында 38 және Батыс Қазақстан облысында 28 үйдің құрылысы аяқталуда. Сондай-ақ Қанат Бозымбаев су тасқынынан болған шығынның қазіргі мөлшерін айтты.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Алдын ала есептеулерге сүйенсек су тасқынынан келген шығын 300 млрд теңгеден асады. Бұл нақты сан емес. Әлі бөгеттер, жолдар, құбырлар қалпына келіп жатыр. Соларды қалпына келтірсек, нақты цифр болады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07