Биыл елімізде 22 752 адам көлік жүргізу куәлігінен айырылған
Елімізде жыл басынан бері 22 752 адам көлік жүргізу куәлігінен айырылған. Бұл - Ішкі істер министрлігінің мәліметі. Жалпы қолданыстағы заңға сай кей ережелерді бұзған адам көлік жүргізу куәлігінен бірден айырылады. Олардың негізгілерін тізіп өтсек. Көлікке жалған нөмір тағу, қарсы жолаққа шығу, апатты жағдай туғызу, темір жолды өту барысында ереже бұзу фактілері тіркелсе жаза қатаң.
Сондай-ақ ең жиі бұзылатын тағы екі ереже бар. Мас күйінде көлік басқару және медициналық сараптамадан өтуден бас тарту. Бұл екі жағдайда да жүргізуші куәлігінен айырылады. Өзіңіз бен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, сақ жүрейік!
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06
Кореямен серіктестік: Экономика мен технологияның жаңа кезеңі
16.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы Кореядағы қазақ этноауылына барды
16.09.2026, 20:05
Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті
16.09.2026, 20:04
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 20:03
Еуропада жанармай қымбаттап, инфляция күшейді
16.09.2026, 20:02
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35