АҚШ доллары соңғы төрт айдағы максимумға дейін күшейді
АҚШ доллары қымбаттап, өзге валюталардың қасында соңғы төрт айдағы максимумға дейін күшейді. Сарапшылар бұны Дональд Трамптың президенттікке қайта сайлануымен байланыстырып отыр. Ал инвесторлар жаңа әкімшілік тұсында Құрама Штаттарда салық төмендеп, қаржы нарығын реттеу тәсілдері жеңілдеп, экономикалық ахуал бұрынғыдан жақсарады деген үмітте. Есесіне еуро кейінгі жеті айдағы, юань үш айдағы минимумға дейін әлсіреген. Бұған Трамптың Америка нарығын қорғау үшін еуропалық және қытайлық тауарларға тариф енгізеді деген болжам себеп болса керек.
Анжел Чжонг, қаржы саласының сарапшысы:
Трамп саясаты өсімге бағытталған. Сол себепті нарық та осылай әрекет етіп тұр. Трамп салықты қысқарту, нарықты реттеуді жеңілдету сияқты шаралар арқылы экономикалық өсімді ынталандырады. Қаржылық қызмет көрсету, өнеркәсіп секторы орта және ұзақ мерзімде айтарлықтай өсім көрсетеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00