Барселонада пәтер жалдаудың қымбаттағанына қарсы шеру өтті
Испанияның Барселонасында мыңдаған адам шеруге шығып, пәтер жалдау бағасын төмендетуді талап етті. Қала орталығымен жүріп өткен халық «Тұрғын үй – бизнес емес, құқық!», «Әділ баға қойылсын, қиянат тоқтатылсын!» деп ұрандатты. Демонстрацияға 22 мыңдай адам қатысқан. Ресми мәліметтерге қарағанда, 2014 жылдан бері Барселонада пәтерақы 70 пайызға дейін көтерілген. Бұған ел экономикасының қозғаушы күші – туризмнің өркендеуі себеп. Сонымен қатар үй иелері саяхатшылардың көбеюінен бағаны өсіріп қана қоймай, пәтерлерін қысқа мерзімге ғана тапсыруға көшкен.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00